«Купальниктегілердің тобына дайын болған жоқпыз»: «Атырау» шабуылшысы төрешілерді айыптады

Редактор
30.09.2024, 00:44

«Ақтөбе» ФК Қазақстан кубогінің иегері атанды

Атырау ФК

«Атырау» шабуылшысы Николай Сигневич Қазақстан кубогының финалында «Ақтөбеден» (1:2) жеңілгені қатысты пікірін айтты. Оның айтуынша, жеңіліске тек төрешілер ғана кінәлі.

«Бүгін бізді қолдағандардың барлығына көп рахмет! Өкінішке қарай, біз қарсыласқа дайын болғанымызбен, ашық көк түсті купальниктегілердің тобына дайын болған жоқпыз. Командаммен мақтанамын. Бүгін финалда Атыраудың намысын қорғағанымды мақтанамын», - деді Сигневич өзінің Instagram-дағы сторисінде.

Айта кетейік, ойынның 24-минутында Николай Сигневич «Атырауды» алға шығарған, алайда кездесу соңында «Ақтөбе» таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып алды: 89-минутта Әлібек Қасым пенальтиді жүзеге асырса, 90-минутта Фредди Гондола тағы мергендік танытты.