Бұл мен үшін соңғы әлем чемпионаты - Игита

Редактор
30.09.2024, 22:50

Игита: Аргентина – оңтайлы сәтті күте білетін және ешқандай қателікті кешірмейтін команда

Alex Caparros/FIFA via Getty Images

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита сәтсіздік жайлы пікір білдіріп, бұл әлем біріншілігі карьерасындағы соңғы чемпионат екенін қоса кетті.

Дегенмен ол 2026 жылғы Еуропа біріншілігіне қатысуға ниетті.

«Бірінші таймда жақсы ойнадық. Ал екінші тайм... Аргентина – оңтайлы сәтті күте білетін және ешқандай қателікті кешірмейтін команда. Екі гол соқты, сонан соң пенальти, осыдан кейін ойын біздің бақылауымыздан шықты. 
Еңсемізді тік ұстауымыз қажет. Біз бұл біріншілікте жақсы ойнадық. Алаңға шыққан барлық батырларымызбен мақтанамын. Біз бір отбасымыз. 
Бұл мен үшін соңғы әлем чемпионаты. Бәрі бірдей менің қолымда тұрған жоқ. Қазақстан халқына алғысымды білдіргім келеді. Тіпті 1:6 болып ұтылып жатқанда да соңғы секундқа дейін қолдады. Обригадо, Бразил. Рахмет, Қазақстан!
Еуро-2026-ға қатысуға денсаулығым жетеді. Келесі Еурода Игита Қазақстан сапында, ал алдағы әлем чемпионатына дейін уақыт тым көп», - деді ол.

Материалда: