«Қазақстанға келген»: Әлемнің ең қымбат ойыншысы кім?

Редактор
01.10.2024, 18:00

Норвегиялық футболшы қарсыластарын басып озды

©mancity.com

Transfermarkt футбол-сараптамалық сайты әлемдік ойыншылардың құнын жариялады. Енді рейтингіде жеке дара шыққан көшбасшы бар. 

Бұған дейін әлемнің ең қымбат футболшылары қатарында «Реал Мадридтің» үш бірдей ойыншысы - Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем және Виниисус Жуниор, одан қалды «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд аталған. Ал бұл жолы норвегиялық футболшы қарсыластарын басып озды.

Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі: 
Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити", Норвегия) - 200 миллион еуро.
Джуд Беллингем - ("Реал", Англия) - 180 миллион еуро.
Винисиус Жуниор - ("Реал", Бразилия) - 180 миллион еуро.
Килиан Мбаппе - ("Реал", Франция) - 180 миллион еуро.
Фил Фоден - ("Манчестер Сити", Англия) - 150 миллион еуро.
Букайо Сака - ("Арсенал", Англия) - 140 миллион еуро.
Флориан Вирц - ("Байер", Германия) - 130 миллион еуро.
Джамал Мусиала - ("Бавария", Германия) - 130 миллион еуро.
Родри ("Манчестер Сити", Испания) - 130 миллион еуро.
Ламин Ямаль ("Барселона", Испания) - 120 миллион еуро.
Алғашқы ондыққа «Барселонаның» 17 жастағы вундеркинді Ламин Ямаль енген.