Зайнутдинов пен Айымбетовтің құны арзандады

Редактор
05.10.2024, 15:15

Зайнутдинов 1 миллион еуроға арзандаған

әлеуметтік желі

Transfermarkt.com порталы Түркия Суперлигасында ойнайтын қазақстандық ойыншылардың нарықтағы құнын жаңартты. Бахтиёр Зайнутдинов пен Aбат Айымбетовтің бағасы едәуір құлаған.

«Бешикташ» клубында ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов 1 миллион еуроға арзандап, 4 миллион еуроға бағаланды.

Ал Абат Айымбетовке келсек, «Адана Демирспор» ойыншысы 100 мың еуроға арзандап, оның құны 600 мың еуроны құрады.

Айта кетейік, Айымбетов Түркия клубының сапын биылғы ақпан айында толықтырып, еркін агент ретінде «1,5+1» жүйесімен келісімшартқа қол қойды. Зайнутдинов «Бешикташқа» Мәскеудің ЦСКА клубынан 2023 жылғы жазда ауысты.