Екі ойыншыны да клуб басшылары амалсыз ұстап отыр дейді сарапшы
Танымал футбол агенті Джейхун Гаджиев қазақстандық футболшылар Абат Айымбетов пен Бақтиер Зайнутдиновтің Түркия чемпионатындағы өнеріне баға берді.
Агенттің сөзінше, Айымбетовті клуб бапкерлері алаңға амалсыз шығарып жүрсе, Зайнутдиновтың деңгейі «Бешикташқа» сай келмейді.
«Біріншіден, Зайнутдиновтың алаңға сирек шығуының басты себептерінің бірі – футболшы команданың деңгейіне сай емес. Ал, «Адана Демирспорға» трансфер жасауға тыйым салынды, сондықтан жаңа ойыншыларды қатарына қоса алған жоқ. Футболшылар санының көп болмауына байланысты Абат Айымбетовті алаңға шығаруға мәжбүр», - деді ол.
Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапына 2023 жылы ауысса, Абат Айымбетов биыл жыл басында «Адана Демирспор» қатарын толықтырды.