Грекия футболшысының мәйіті табылды

Редактор
10.10.2024, 11:01

Оның денесі өзі жалдап тұрған үйдің бассейнінен табылған

Global Look Press

9 қазан күні кешке Грекия құрамасының және «Панатинаикос» клубының 31 жастағы қорғаушысы Джордж Болдок қайтыс болды. Оның денесі өзі жалдап тұрған үйдің бассейнінен табылған.

Sport24.gr мәліметінше, футболшының денесін үйдің иесі тауып алған. Футболшының әйелі оған бірнеше сағат бойы хабарласып ала алмаған соң, үйдің иесіне іздеп баруын өтінген.

Қазіргі құқық қорғау органдарының қызметкерлері Джорждың өліміне не себеп болғанын анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, футболшының денесінде зорлық-зомбылық іздері анықталмаған.

Джордж Болдок карьерасын ағылшын футболында бастап, бес жыл жергілікті клубтарда өнер көрсетті, ал 2023 жылғы 29 мамырда ол «Панатинаикоспен» келісімшартқа отырды. 2022 жылғы 2 маусымнан бері Грекия құрамасына шақыртылып, мұнда 12 матч өткізді. Джордж алдағы Ұлттар лигасына қатысуы керек болатын.

Материалда: