Еркебұлан Сейдахмет үйленіп, дүркіретіп тойын жасады (ВИДЕО)

Редактор
10.12.2023, 11:37

Оның әйелі – танымал актриса

Instagram

«Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет үйленіп, туған қаласы Таразда тойын жасады.

Еркебұланның әйелі – танымал актриса Нұрсұлу Ізбасарова. Есте болса, Алматыдағы «Қайраттың» ойындарының бірінде футболшы сүйіктісіне сөз айтып, екеуі үйленуге уағдаласқан болатын.

23 дастағы Еркебұлан Сейдахмет футболдағы жолын Тараздың «Монтажник» командасынан бастаған. Кейін Ресейдің «Уфа» клубында да доп тепті.

Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасында, жастар және жасөспірімдер ұлттық құрамасында да бірнеше матч өткізген.