Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионға қанша қаражат жұмсалады

Редактор
15.10.2024, 15:36

Бірнеше жыл бұрын стадион құрылыс жұмыстарына жабылған еді

t.me/uncle_Vanja

Астанадағы жаңа Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионға 31,3 млн доллар жұмсалады.

«Дядя Ваня» телеграм арнасы елордада салынатын спорттық нысанның жобалық-сметалық құжаттарымен танысып шыққан. Астана қалалық құрылыс басқармасы бұл мақсатқа 15,228 млрд теңге жұмсамақ. Ал жұмыстары биылғы төртінші тоқсанда басталуы керек. Құрылыс уақыты – 18 ай (соның ішінде 2 – дайындық жұмыстары).

Техникалық ерекшелігінде стадионның ғимараты жабық арена іспеттес, оның батыс және шығыс трибуналары болады. Онда әкімшілік мекемелер, жаттығу залдары, тамақтану орындары қарастырылған. Нысан UEFA ережелерінің 3-деңгейіне сәйкес келетін матчтар өткізуге арналған.

Трибуна сыйымдылығы (3598 адам):
Шығыс – 1 500
Батыс – 2 044
VIP-сектор – 54
Футбол алаңының көлемі – 105х 68 метр. Ең биік мұнара нүктесі - 27 метр.

Айта кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион 1936 жылы қолданысқа берілген. Бұған дейін оның сыйымдылығы 12 мың адамды құрайтын. Аренада алғашқы футбол матчы 1964 жылы өткен. Бірнеше жыл бұрын стадион құрылыс жұмыстарына жабылды.

Материалда: