Ресейлік сарапшы Станислав Черчесовтың артықшылығын айтты

Редактор
23.10.2024, 14:21

Әзірге оның артықшылығы тек сөз күйінде ғана болып тұр

ТАСС

Ресейлік спорт журналисі Дмитрий Губерниев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің артықшылығын айтты.

Еске салайық, Черчесов Қазақстан құрамасына тағайындалғалы бері ресми 4 матч өткізіп, оның үшеуінде жеңіліп қалды және бірінде тең ойнады, бірде-бір гол соға алған жоқ. Артынша, баспасөз конференциясында қазақ тілін мазақ етіп, қоғамның наразылығын тудырды. ҚФФ оған 730 мың теңгеге жуық айыппұл салды.

«Станислав Саламұлын федерация жасазалды, мен ол туралы ешнәрсе айта алмаймын. Бірақ, мынаны қараңыз, Черчесов келгелі қазақ футболына медиа тарапынан өте үлкен назар аударылды. Бұрын-соңды мұндай болмаған. 

Черчесовке қазір қатты қысым көрсетіліп жатыр. Бірақ, федерация басшылары оны қызметінен алып тастамай, даналық танытты. Естеріңізде болса, әлем чемпионатының алдында да Ресей құрамасының жолы болмай, сәтсіздіктерге ұшыраған. 

Станислав Саламұлы мықты бапкер, ол құраманы аяққа тұрғыза алады, кемшіліктерін біледі және проблеманы шешеді.

Бастысы, қазір қазақ футболы туралы тек Қазақстанда емес, бүкіл посткеңестік кеңістікте талқылап жатыр, мұның өзі Черчесовтың жетістігі», - деп сөзін түйді Губерниев.