Қыздар футболының секс-символы саналатын Ана Маркович көпшілікке жігітін көрсетті

Редактор
11.12.2023, 16:07

Футболшы қыз Криштиану Роналдуға ғашық екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын

sports.ru

Қыздар футболының жұлдызы хорватиялық Ана Маркович өзінің жігіті бар екенін айтып, оны көпшілікке көрсетті. Швейцарияның «Грассхоппер» клубында өнер көрсететін ару футболдағы ең көрікті қыздардың бірі саналатынын айта кету керек.

Ананың жігіті – португалиялық «Витория Гимараэш» клубының қорғаушысы Томаш Рибейру. Ол аталған командаға биыл жазда келген. Осы уақытқа дейін бір гол соғып үлгеріпті.

Айта кету керек, Ана Маркович бұған дейін Криштиану Роналдуға ғашық екенін ашық айтатын. Алайда, соңғы сұхбаттарының бірінде жақсы көретін жігіті туралы мәлімдеп, кейін оны көпшілікке көрсетті.

Спорттық басылымдар Ана Марковичке ең сексуалды футболшы деген атақты бірнеше рет берген. Бірақ, футболшы қыздың өзі мұны аса жақтыра қойған жоқ. Ол жанкүйерлер оны сырт келбетіне емес, талантына баға берсе деген пікірін айтқан еді.