16 жастағы Махпер Жанарқызы Шыңжаңдағы жалғыз бапкер қыз атанды
Қытайдың футбол қауымдастығы футболдан жастар арасындағы ұлттық чемпионатына дайындық жұмыстарын бастап, 17 жасқа дейінгі мемлекеттік әйелдер футбол командасының жаттықтырушылар тізімін жария етті.
Kazinform-ның жазуынша, аталған тізімге Іле Қазақ автономиялы облысының Күнес ауданының тумасы,16 жастағы Махпер Жанарқызы енді. Қытайлық БАҚ-тың дерегінде Махпер күллі Шыңжаң бойынша жаттығу толымдылығына ие болған жалғыз спортшы болып отыр.
Қытай футбол қауымдастығының әйелдер футболы жарысының жаттығу жоспарына сәйкес 17 жасқа дейінгі әйелдер футбол командасы 2024 жылдың 23 қазаны мен 8 қарашасы аралығында Юньнань өлкесінің Юси қаласындағы халықаралық спорттық жаттығу базасында іріктеу жаттығуларын өткізбек.
Бұл оқу-жаттығу жиыны 2025 жылғы 17 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне дайындалу және әйелдер футболы үшін көрнекті резервтік таланттарды одан әрі дамытуға бағытталған.