«Бешикташ» Зайнутдиновтен құтыла алмай жатыр – БАҚ

Редактор
25.10.2024, 11:00

Клуб басшылары оны жазда да ресейлік клубтардың біріне бергісі келген болатын

Getty Images

Стамбұлдың «Бешикташ» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновпен қош айтысуды жоспарлап отыр деп жазады fotospor.com сайты.

Мұның басты себебі – Зайнутдиновтің жоғары жалақысы дейді дереккөз. Отандасымыз жылына 1,2 миллион еуро алады.

«Бешикташ» қазақстандық футболшыны жалға беруге де дайын. Тек жаңа команда оның жалақысын уақытылы төлеп отырса болды.

Еске салайық, Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташқа» 2023 жылдың жазында келді. Стамбұлдық клуб оны мәскеулік ЦСКА-дан 4,5 млн еуроға сатып алған. Алғашқы маусымда Зайнутдинов бір гол соғып, тәуір ойынымен көзге түссе, келесі маусымда бапкер оны негізгі құрамда ойнатқан жоқ. Тіпті, биыл жазда ресейлік клубтардың біріне беру мәселесі де қаралды.

Қазір Зайнутдиновтің нарықтағы құны 5 миллион еуро. Оның «Бешикташпен» келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымында аяқталады.