Байбек алматылықтарға қуаныш сыйлады

Редактор
02.11.2024, 18:41

Чемпион тағдыры ертеңгі «Астана» – «Тобыл» матчында анықталады

Қайрат ФК

Қазақстан премьер-лигасы 23-турының орталық матчында «Қайрат» Алматыда Шымкенттен келген «Ордабасыны» қабылдап, жеңіске жетті.

Бірінші таймда қонақтардың қателігін Элдер Сантана тиімді пайдаланып, 52-минутта алаң иелерін алға шығарды.

Үзілістен кейін «Ордабасы» есін жиып, Еркебұлан Тұңғышбаевтың арқасында таразы басын теңестірген. Дегенмен, 85-минутта «Қайраттың» 19 жастағы футболшысы Олжас Байбек алыстан жойқын соққысымен алаң иелеріне үш ұпай сыйлады.

Осы жеңістен кейін «Қайрат» 44 ұпай жинап, бірінші орынға көтерілді. Одан бір ұпайы кем «Астана» екінші орында. Елорда командасы ертең «Тобылмен» кездеседі. Жеңсе ел чемпионы атанады. Ал, үздік үштікті «Ордабасы» түйіндеп тұр (39 ұпай).

«Қайрат» - «Ордабасы» 2:1 (1:0)

Голдар: Сантана, 42 (1:0). Тұңғышбаев, 75 (1:1), Байбек, 85 (2:1).