Бір жыл бойы емделген әйгілі Неймар қайта жарақат алды

Редактор
05.11.2024, 09:59

Осыдан бірер күн бұрын ол қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен суретке түскен болатын

Getty Images

Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубында ойнайтын бразилиялық даңқты шабуылшы Неймар бір жыл емделгеннен кейін кеше ғана жасыл алаңға қайта оралған еді. Ол Азия чемпиондар лигасында Иранның «Эстеглал» клубымен матчта 58-минутта ойынға қосылған. Бірақ 87-минутта қайтадан ауыстыруды сұрады.

Дәрігерлер футболшының жамбас бұлшықеттерінің зақымдануын анықтады. Оның алаңға қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Неймар тізе буынының жыртылуына байланысты бір жылды спорттан тыс өткізіп алған болатын.

Айта кетейік, бразилиялық шабуылшы бірнеше күн бұрын Эр-Риядтағы теннистен WTA-ның қорытынды турниріне қонақ ретінде келген. Сол кезде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен суретке түскен.