Алматылық блогер Мессидің жейдесін 8 млн теңгеге сатып алды

Редактор
05.11.2024, 15:05

Бәссаудадан түскен қаражаттың Қостанайдағы балалар үйіне аударылады

Видеодан кадр

Алматыда футболдан QJ League – Қазақстан жасөспірімдер чемпионатының екінші маусымының салтанатты жабылу рәсімінде қайырымдылық аукционы өтті.
Маусымның үздіктері марапатталған кешке отандық танымал спортшылардан бөлек көптеген блогер жиналды. Осы орайда ұйымдастырушылар биыл қайырымдылық іс-шарасын өткізіп, бәссаудадан түскен қаражаттың Қостанайдағы балалар үйіне аударылатыны айтылды. 

Ал лот ретінде отандық футболшылардың жейделерімен қатар «Алтын доптың» сегіз дүркін иегері Лионель Мессидің түпнұсқалық сертификатымен жабдықталған «Барселонаның» жейдесі болды. Қызу сауда-саттық барысында ол 8 миллион теңгеге сатылды. 

Нәтижесінде балалар үйінің қорына 14 миллион 500 мың теңге аударылды.

Айта кетейік, QJ League турнирінің жеңімпазы алматылық «Қайрат» командасы болды. Бұдан бөлек маусым қорытындысында 15 номинация бойынша үздіктер анықталды.

Материалда: