Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» ойсырай жеңіліп қалды

Редактор
06.11.2024, 09:14

«Реал» Мадрид те өз алаңында ұпай жоғалтты

Getty Images

Чемпиондар лигасының кезекті туры аясында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Спортингтен» ойсырай жеңілді, есеп – 1:4.

Матч алдында ағылшындар ойынның фавориті саналған. Тіпті, 4-минутта Фил Фоден есеп ашты. Алайда, мұнан кейін португалдықтар күш жинап, тіпті Виктор Дьекереш хет-трик авторы атанды. Тағы бір голды «Спортинг» сапынан Максимилиано Вильчес соқты.

Айта кету керек, «Спортингтің» бас бапкері Рубен Аморим 11 қарашадан бастап «Манчестер Юнайтедке» бас бапкер болады. Клубты бұған дейін жаттықтырған Тен Хааг жуырда ғана отставкаға кеткен еді.

Ал, Чемпиондар лигасының бұл турында мадридтік «Реал» да жеңіліп қалды. Өз алаңында «Миланды» қабылдаған корольдік клуб өз қақпасына үш гол жіберіп, небәрі бір голмен жауап қайтарды.

«Ливерпуль» болса өткен жылдың сенсациясы саналған «Байерді» 4:0 есебімен тас-талқан етті. Бұл матчта Диас хет-трик жасаса, төртінші гол Гапконың еншісінде.