Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Венесуэла президенті Путин мен Криштиану ұқсайтынын айтты

Редактор
08.11.2024, 19:54

39 жастағы Роналду қазір «Әл-Наср» клубы сапында өнер көрсетіп жүр

Gettysport

Венесуэла президенті Николас Мадуро Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин мен португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдуды салыстырды.

«Владимир Путин – халықаралық саясаттың жұлдызы. Ол Криштиану Роналду сияқты тумысынан бомбардир», - дейді Николас Мадуро.

Естеріңізге сала кетейік, 39 жастағы Роналду қазір «Әл-Наср» клубы сапында Сауд Арабиясы чемпионатында өнер көрсетіп жүр.

Оған дейін ұзақ жыл Еуропада Криштиану «Реал Мадрид», «Ювентус» және «Манчестер Юнайтед» клубындағы ойынымен танымал. Португалиялық бес дүркін «Алтын доптың» иегері.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама