Саян Хамитжанов «Астананы» мазақ еткен Боранбаевтың өзін келеке қылды

Редактор
11.11.2024, 11:42

Боранбаев «Астана» сияқты еурокубок ойындарына екінші құрамды апармаймыз деп мазақ еткен еді

kazfootball.kz

«Астана» футбол клубының директоры Саян Хамитжанов «Қайрат» клубы қамқоршылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевқа жауап берді.

Кеше Алматының «Қайрат» клубы ел чемпионы атанған соң, Боранбаев келесі жылы «Астана» сияқты еурокубок ойындарына екінші құрамды апармаймыз деп мазақ еткен болатын. Осыған байланысты KazFootball.kz тілшісіне берген сұхбатында Саян Хамитжанов жауап қайтарған.

«Мен бұған дейін «Қайрат» клубына Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде сәттілік тіледім. Олардың жетістігіне қуанатынымды айттым. Қашанға дейін еурокубокта Қазақстан футболының намысын жалғыз «Астана» қорғай» береді. Қайрат Советайұлы өмірінде өзі көрмеген нәрселерді сөз еткен екен. Алдымен екі фронтта ойнап, жоғары нәтижеге қол жеткізіп көрсін. Сол кезде «Қайраттың» қандай құраммен ойнайтынын көреміз. Іріктеу кезеңінде біздің клуб қосалқы құраммен ойнаған емес. Биыл топтық кезеңге жолдама алған жалғыз қазақстандық клуб болдық. Енді соның арқасында «Қайратқа» келесі маусымда оңай жеребе түседі. «Ақтөбе» Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Сондықтан біреуге Еуропада қалай ойнау керектігін үйретер алдында өзі алдымен үйреніп алсын», - дейді Саян Хамитжанов.

Материалда: