Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Келесі жылы бюджеті қысқаратын «Ордабасы» алты футболшысын қуып жіберді

Редактор
16.11.2024, 22:04

Олардың арасында Айбол Әбікен де бар

ҚФФ

Бүгін Шымкенттің «Ордабасы» клубы бірнеше футболшысымен қош айтысты. Олардың арасында  Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен де бар.

Сондай-ақ қақпашы Сергей Игнатович, қорғаушылар Игорь Пластун мен Режиналдо, жартылай қорғаушы Ловро Цвек, шабуылшы Артем Беседин бар.

Айбол биыл шымкенттік команда сапында 25 ойын өткізді. Ал Сергей Игнатович – 8 матчқа, Игорь Пластун 23 матчқа (3 гол), Режиналдо 13 матчқа (1 гол), Ловро Цвек 16 матчқа, Артем Беседин 16 матчқа (4 гол) қатысқан.

«Ордабасы» маусым қорытындысы бойынша төртінші орынға тұрақтады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама