Тек легионерлерді ойнатып есте қалған «Елімай» отандық үш футболшыны қатарына қосты

Редактор
Бүгін, 10:00

Олар ересектер футболына енді ғана өтіп отыр

Асан Байғалиев. Фото: "Елімай" ФК

Семейдің «Елімайы» қатарын жаңа ойыншылармен толықтырды. Келісімшарт жасасқан үш футболшы да жергілікті футбол мектебінің түлегі деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі. Алайда, олардың ешбірі күні бүгінге дейін ҚПЛ деңгейінде ойнап көрмеген.

Жаңа маусымнан бастап «Елімайдың» қорғаныс шебін Әділет Сейілханов, Данил Даниленко және Асан Байғалиев күшейтеді. Асанның жасы небәрі 17-де болса, қалған екеуі 18-ге жақында толған. Бұған дейін үш футболшы да «Елімай М» командасында, яғни Семейдің жастар клубында өнер көрсетіпті.

Еске салайық, «Елімайдың» өзі ҚПЛ құрамына биылғы маусымда қосылып, жарысты алтыншы орынмен аяқтады. Семейлік клуб алаңға легионерлерді көп шығаруымен есте қалған. Мәселен, «Елімайда алаңдағы 11 футболшының оны шетелдіктер болатын.

Материалда: