Лондондық клуб Қазақстанға екінші құрамын алып келді
Конференция лигасының кезекті туры аясында бүгін «Астана» мен «Челси» өзара мықтыны анықтайды. Матч Алматыда өтетін болғандықтан лондондық клуб ойыншылары бірден осында келді.
Діл қазір Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде күн суытып, аяз орнаған. «Челси» футболшылары да жаурағандарын жасырмады. Клубтың әлеуметтік желідегі парақшаларында қабат-қабат киінген футболшылардың фотосы жарияланған. Сондай-ақ, Алматыда -14 градус аяз екені де көрсетілген.
Еске салайық, аталған матч 12 желтоқсанда сағат 20:30-да Алматының Орталық стадионында өтеді. «Челси» бұл ойынға екінші құрамдағы ойыншыларын алып келді.
Қақпашылар: Филип Йоргенсен, Лукас Бергстром, Макс Меррик
Қорғаушылар: Аксель Дисаси, Тосин Адарабиойо, Ренато Вейга, Джош Ачимпонг, Харрисон Мюррэй-Кэмпбелл, Ричард Олисе, Кайден Уилсон.
Жартылай қорғаушылар: Карни Чуквуэмека, Кирнан Дьюсбери-Холл, Киано Дайер, Сэм Рак-Сакьи, Харви Вейл.
Шабуылшылар: Педро Нето, Ато Ампа, Тирик Джордж, Марк Гиу, Шумайра Мхеука.