Қырғыз президенті Садыр Жапаров футбол турниріне қатысып, 14 гол соқты

Редактор
15.12.2024, 22:31

Ол бас жүлдеге тігілген 400 мың сомды да өзі жеңіп алды

24.kg

Бішкектек шағын футболдан өткен «Мурас» турнирінде ел президенті Садыр Жапаров үздік ойыншы және үздік сұрмерген атанды. 

Екі күнге созылған футбол турнирінде Жапаров ойнаған «Президент командасы» 16 команда арасында жеңімпаз болған. Осылайша олар 400 мың (2 млн теңге) сомға ие болды. Бұл ойында қырғыз басшысы 14 гол соғып, үздік бомбардир атанған.

Екінші орынды «Достық» командасы иеленсе, үшінші орынға «Ыйман» ойыншылары тұрақтады. Аталған додада «Достық» командасынан Әзімжан Қадыров пен «Ыйман» командасының өкілі Сұлтан Осмонбеков үздік ойыны үшін арнайы сыйлықты иеленді.

Өз кезегінде Садыр Жапаров «Мурас» турнирін жыл сайын өтетін дәстүрлі жарысқа айналатынына сенім білдіріп, ұйымдастырғандарға алғыс айтқан.

Садыр Жапанов бұған дейін де футбол ойынында гол соғып ерекшеленген. Салауатты өмір салтын ұстанатын көрші ел басшысы екі жыл бұрын Бішкекке әлемнің танымал футбол жұлдыздарын шақырып, өзі солармен бірге доп тепкен еді.