Қазақстанның басқа командалары да қаржылай пайда тапқан
Конференция лигасының топтық кезеңдері түгелісіп, барлық плей-офф қатысушысы анықталды. Елордадық ұжым да турнирдегі жорығын аяқтады.
Топтық кезеңнің әр қатысушысы 3 миллион 170 мың еуродан алған. Матчтағы жеңіс үшін – 400 мыңнан, тең ойын үшін 133 мыңнан қарастырылған.
«Астана» бұл кезеңде сербиялық «Бачка-Тополаны» жеңіп (1:0), португалиялық «Витория Гимарайншпен» екі рет (1:1) және кипрлік АПОЭЛ-мен бір рет (1:1) тең түсті.
Осылайша, «Астана» кем дегенде 3 миллион 836 мың еуро табыс тапса, соның ішінде 666 мыңы жеңіс пен тең ойындардан түскен бонустар. Сонымен қатар, клубтар маркетинг арқылы да пайдаға кенеледі, бұл негізінен ТВ-трансляциялар мен жарнамалар. Алайда, мұндағы сандар көпке жария бола бермейді.
Биылғы еурокубок маусымында өзге қазақстандық клубтар қанша табыс тапты:
«Ақтөбе» – 150 000 еуро (Конференция лигасының бірінші кезеңінде шығып қалды)
«Тобыл» – 575 000 еуро (Еуропа лигасының бірінші раундында, Конференция лигасының екінші кезеңінде жарысты аяқтады)
«Ордабасы» – 1 миллион 160 мың еуро (жорығын Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде, Еуропа лигасының екінші кезеңінде, Конференция лигасының үшінші кезеңінде аяқтады + топқа іліге алмаған чемпион ретінде УЕФА-дан 260 000 еуро бонус).