Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Роналду Сауд Арабиясы чемпионатын Франциядан артық деп санайды

Редактор
28.12.2024, 14:02

Роналду Сауд Арабиясы лигасын лайықты бағалауға шақырды

Getty images

Әлемнің үздік футболшыларының бірі португалиялық Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының деңгейі Франция біріншілігінен артық екеніне сенімді.

«Әл-Наср» капитаны өзі өнер көрсететін біріншілікте бәсекелестік өте жоғары деп санайды.

Globe Soccer Awards сыйлығын табыстау рәсімінде 39 жастағы шабуылшы Лига 1-де ПСЖ-ны ғана бөле-жарып айтуға болады деп мәлімдеді. Ал қалған клубтар париждік ұжымның деңгейіне жақындай да алмайды деп отыр.

Роналду Сауд Арабиясы лигасын лайықты бағалауға шақырды. Себебі жергілікті ойыншылар +40 градус ыстықта доп теуіп жүреді.

Айта кетейік, бұл марапаттау рәсімінде Роналду тарихтағы үздік сұрмерген ретінде сыйлық алды, оның еншісінде ресми матчтарда соғылған 916 гол бар.

Жарнама
Жарнама