Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ресей құрамасының экс-футболшысы Украинадағы соғыста қаза тапты

Редактор
30.12.2024, 00:34

Бұған дейін ол есірткі сатқаны үшін ұзақ мерзімге түрмеге жабылған болатын

Спорт Экспресс

Футболдан Ресей құрамасы мен мәскеулік «Локомотивтің» бұрынғы ойыншысы Алексей Бугаев Украинадағы соғыста қаза тапты. 43 жастағы спортшының өлімі жайында онң әкесі Иван Бугаев мәлімдеген.

«Өкінішке қарай, Алексейдің қазасы туралы ақпарат шындыққа саяды. Қалай болды дейсіздер ме? Сол да сұрақ па? Соғыста қалай болушы еді?! Ол бүгін қаза тапты», - деді Иван Бугаев Sport24 тілшісімен болған әңгіме барысында.

Алексей Бугаев – Мәскеудің «Торпедосында» тәлім алған. Кейін «Томь», «Химки», «Краснодар» және «Локомотив» клубтарында ойнады. Соңғысының сапында жүріп Ресей кубогінің иегері және ел чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ресей құрамасында жеті матч өткізді. 2010 жылы спорттағы мансабын аяқтады.

Айта кетейік, Бугаев соғысқа түрмеден аттанған. Ол биыл қыркүйекте есірткі сатқаны үшін 9 жыл 6 айға сотталған еді.

Жарнама
Жарнама