Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Роналдудың 22 жылдан бері бұзылмаған рекордын 17 жастағы футболшы жаңартты

Редактор
30.12.2024, 10:37

2022 жылы Роналду «Спортинг» клубында ойнаған

Спортинг ФК

Португалияның «Спортинг» клубында ойнайтын 17 жастағы Жеовани Кенда Криштиану Роналдудың 22 жылдан бері бұзылмай келе жатқан рекордын жаңартты.

Ел чемпионатының 16-турында «Спортинг» өз алаңында «Бенфиканы» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды Мозамбик өкілі Жени Катаму соққан.

Осы матчта алаңға «Спортинг» сапынан Жеовани Кенда шықты. Ол 17 жастан 8 ай асқан. Бұл оқиға клуб тарихында алаңға шыққан ең жас футболшы ретінде рекордтар тізіміне енгізілді. Бұған дейін «Спортингтің» алаңға шыққан ең жас ойыншысы Криштиану Роналду болған еді. 2002 жылы 17 жастан 10 ай асқан кезінде португалдық шабуылшы клубтағы дебютін жасаған.

Кенда Гвинея-Бисау елінде туып, кішкентай кезінде Еуропаға көшіп келген. 2016 жылы «Дамайенсе» клубында тәлім алса, 2017 жылы «Бенфика» академиясына келді. Ал, 2019 жылдан «Спортинг» сапында доп теуіп жүр.

Криштиану Роналду «Спортинг» сапында 2002-2003 жылдар аралығында ойнады. Бұдан кейін ол «Манчестер Юнайтед», «Реал» және «Ювентуста» жалғастырып, қазір Саудияның «Әл-Наср» клубында доп теуіп жүр.

Жарнама
Жарнама