20 жастағы өзбек футболшысы «Манчестер Ситиге» ауысады

Редактор
08.01.2025, 22:02

Ағылшындықтар өзбекстандық футболшы үшін 36 миллион еуро төлеуге дайын

globallookpress.com

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының 20 жастағы қорғаушысы Абдукодир Хусанов «Ланстан» ағылшындық «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын. Бұл туралы Бен Джейкобс пен Фабрицио Романо хабарлады.

Журналистердің мәліметіне сәйкес, ағылшындықтар өзбекстандық футболшы үшін 36 миллион еуро төлеуге дайын.

Футболшының ауысуына қатысты келіссөздер қарқынды түрде жүріп жатыр. Айта кетейік, 2023 жылы Хусанов Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубында өнер көрсеткен. Сол жылдың шілде айында ол француздық «Лансқа» небәрі 0,1 миллион еуроға ауысқан болатын.

«Ланс» сапында Хусанов 31 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Француз клубымен келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жасалған еді. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының нарықтағы бағасы 12 миллион еуро деп көрсетілген.