Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Абдукодир Хусановтың «Манситиге» ауысуына қазақстандық функционердің қатысы қандай?

Редактор
12.01.2025, 03:36

Ол бүгінде Өзбекстанның жас футболшыларын дайындықтан өткізіп жүр

Getty Images

Қысқы трансфердің басты сенсациясы – өзбек қорғаушысы Абдукодир Хусановтың «Ланстан» «Манчестер Сити» клубына ауысуы болуы мүмкін. Трансфер сомасы 40 млн еуроны құрайды деген сыбыс бар, бұл өз кезегінде француз футболының тарихындағы рекордтық сома болмақ.

Инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, келісімшарт 2029 жылға дейін жасалған және әрі қарай ұзарту функциясы қарастырылған. Қазіргі уақытта клубтар соңғы құжаттарға қол қойып жатқан көрінеді. 

Бір қызығы, Хусановтың трансферіне Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлықбек Асанбаевтың қатысы болуы мүмкін. «Серый CARDINAL» телеграм-каналына берген сұхбатында ол «Энергетик-БГУ» сапынан француздың «Ланс» клубына ауысуына көмектескенін алға тартқан. 

Ұлықбек Асанбаев «Шахтер», «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтарында функционер болып жұмыс істеген, сонымен қатар Қазақстан құрамасы сапында алты ойын өткізген.

Қазіргі таңда Асанбаев Өзбекстанның «Зоман» клубының вице-президенті және жас футболшыларды Өзбекстан құрамасы сапына дайындайды.

Жарнама
Жарнама