Қазір доп теуіп жүрген футболшылар ашылып әңгіме айта алмайды. Өтйкені әр айтқан "шындығы" карьерасына сызат түсіріп, қудалауға ұшырауы мүмкін. Ал, Самат Отарбаев болса бутсысын шегеге іліп, кәсіби футболдағы карьерасын аяқтаған адам.
Бүгін бүкпесіз әңгіме болды. Самат Отарбаев "Ордабасы", "Ақтөбе", "Тараз" секілді клубтардың қақпашысы болған. 2020 жылы небәрі 30 жасында карьерасын аяқтап, кәсіби футболмен қош айтысты. Самат әлі де ойнағысы келеді екен? Бірақ футболдан кетуіне не түрткі болды? Пандемия ма, жазықсыз жала ма?
2016 жылы "Ақтөбе" – "Ордабасы" арасындағы матч дауға айналғанын білесіздер. Сол кезде "Ақтөбе" қақпасында Самат Отарбаев тұрды. Экс-қақпашы бұл ойынның "келісілген матч" екенін мойындамайтынын айтты.
Самат Отарбаевтың тәжірибесінде "келісілген матчтар" болды ма? ҚПЛ-да қандай былықтар бар? Ойыншылар сатыла ма, әлде төрешілер ме?
Италия ойыншысы Сандро Тонали өзі ойнаған матчқа бәс тігіп, басы дауға қалды. Ал Самат Отарбаев "Тараз" клубында жүргенде екі рет автогол жасаған. Қақпашыны жанкүйерлер сол кезде неге сынады? Неге ҚПЛ-де автогол көп болады?
Одан бөлек, Самат Отарбаев 2016 жылы "Ордабасы" клубынан өз қалауымен кетпегенін айтып, базынасын жеткізді. Десе де, "Ақтөбе" клубына ауысқанына өкінбейтінін, бүгінде оны "Ордабасы" жанкүйерлері емес, "ақтөбеліктер" көбірек танитынын жасырмады.