2023 жылдың ең үздік футболшылары анықталды: Роналду ондыққа кірмеді

Редактор
27.12.2023, 11:19

Эрлинг Холанд жылдың ең үздік футболшысы атанып отыр

Getty Images

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың ең үздік футболшыларын анықтады.

Бұл жолы ең үздік он футболшының қатарында даңқты Криштиану Роналду жоқ. Есесіне, аргентиналық Лионель Месси үздік үштікті түйіндеген. Ал, көш басында норвегиялық сұрмерген Эрлинг Холанд тұр.

2023 жылдың ең үздік футболшылары:

  1. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») - 208 ұпай;
  2. Килиан Мбаппе («Пари Сен-Жермен») - 105;
  3. Лионель Месси («Пари Сен-Жермен»/«Интер Майами») - 85;
  4. Родри («Манчестер Сити») - 55;
  5. Джуд Беллингем («Боруссия» Дортмунд/«Реал») - 34;
  6. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити») - 27;
  7. Харри Кейн («Тоттенхэм»/«Бавария») - 18;
  8. Бернарду Силва («Манчестер Сити») - 9;
  9. Винисиус Жуниор («Реал») - 8;
  10. Лаутаро Мартинес («Интер») - 7.