Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Черчесовтың орнына келетін бапкердің есімі аталды

Редактор
27.01.2025, 14:33

Ресейлік маманның Қазақстанда қанша жалақы алғаны сол күйі белгісіз қалды

Астана ФК

44 жастағы отандық маман Али Алиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болуы мүмкін. Бұл туралы KazFootball.kz тілшісі мәлімдеді.

Али Алиев жақында ғана «Қызылжар» бас бапкерлігінен кеткен болатын. Бұған дейін маман «Жеңіс», «Шахтер» клубтарымен және «Астананың» жастар командасымен жұмыс істеген. 

Оның басшылығымен Петропавл командасы 2023 жылғы маусымның Премьер-лигасында бесінші орынға ие болды және Конференция лигасының іріктеуіне қатысып, бірінші іріктеу кезеңінде Хорватияның «Осиек» командасынан жеңілген.

Ал, Қазақстан құрамасының тізгінін бұған дейін ұстаған ресейлік маман Станислав Черчесов бүгін отставкаға кетті. 2024 жылдың жазынан бастап бас бапкер болған ол Қазақстан құрамасымен бірде-бір жеңіске жете алмады. Тіпті, ол жаттықтырған уақытта ұлттық құрама бірде-бір гол соға алмаған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне қатысады. Біздің команда Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен бір топқа түскен.

Жарнама
Жарнама