Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасына Жозе Моуринью да көмектесе алмайды – Қуат Хамитов

Редактор
28.01.2025, 10:27

Ұлттық құрамаға кімнің бапкер болатыны алдағы бірнеше күнде шешіледі

instagram.com/kuat__khamitov

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болған ресейлік Станислав Черчесов отставкаға кеткені белгілі. Қазіргі таңда Қазақстан  футбол федерациясы оның орнына жаңасын іздеп жатыр. Ал, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов болса қазақ футболын ешқандай бапкер құтқара алмайды деген пікірде.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылы бірде-бір матчта жеңіске жетпеген. Ал, Черчесовпен бірге бірде-бір гол соға алмады. Хамитов болса мәселенің бапкерде емес екенін тұспалдады.

«Қазақстан футболына тіпті Жозе Моуринью да көмектесе алмайды. Ақымақ қана осы спорттың болашағына сеніммен қарайды», - деп жазды Хамитов Instagram желісіндегі «kzsports» парақшасына.

Қазақстандық файтер отандық футболды сынап жүргеніне бірнеше жыл болды. Оның пікірінше, мемлекет футболды қаржыландыруды тоқтатып, тек балалар спортына ғана ақша бөлуі тиіс.

Жарнама
Жарнама