Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Бешикташ» Зайнутдинов үшін Испания клубынан 5 млн еуро сұрады

Редактор
03.02.2025, 11:44

Стамбұлдық команда қазақстандық ойыншыны осынша ақшаға сатып алған болатын

Бешикташ ФК

Түркияның «Бешикташ» клубы Испанияның «Вальядолид» командасымен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов бойынша келіссөзді жалғастырып жатыр.

Стамбұл клубы қазақстандық футболшыға 5 млн еуро сұраған. Бұл туралы Match KZ телеграм-каналы хабарлады.

«Бешикташ» негізі Зайнутдиновті жалға беруге дайын. Бірақ, талапқа сәйкес, испаниялық клуб қазақстандықты маусым соңында сатып алуы керек. Түркия клубы жартылай қорғаушының құнын 5 млн еуроға бағалап отыр.

Биылғы маусымда Бақтиер Зайнутдинов Стамбұл клубы сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Гол соға алған жоқ.

«Реал Вальядолидке» келетін болсақ, бұл команда 21 турдан кейін Ла Лигада соңғы, 20-шы орында келеді. Келесі маусымда олар төменгі лига – Сегундада ойнауы мүмкін.

Жарнама
Жарнама