Роналду Азия Чемпиондар лигасындағы ең сұлу голдардың бірін соқты (ВИДЕО)

Редактор
Бүгін, 01:38

Оның клубы 7 ойыннан кейін 16 ұпай жинап, үшінші орында келеді

instagram.com/alnassr/

Футболдан Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Азия чемпиондар лигасының кезекті ойынында дубль авторы атанды. 

Чемпиондар лигасының 7-турында «Әл-Наср» өз алаңында дубайлық «Әл-Васл» клубын қабылдаған болатын. Алаң иелері қонақтарды 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Роналду 44 және 78-минуттарда гол соғып, командасының жеңісіне елеулі үлес қосты. Қалған екі голды Әл-Хассан (25-минут) мен Әл-Фатиль (88-минут) өз еншісіне жазды.

Осылайша, Роналдудың өз мансабында соққан голдар саны 923-ке жетті. Даңқты футболшы бұл көрсеткішті 1000-ға жеткізбей футболды тастамайтынын айтқан болатын.

Ал, оның клубы болса 16 ұпаймен турнир кестесінің үшінші сатысында келеді. «Әл-Васл» 11 ұпай жинап, бесінші орынға жайғасқан.