Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының қақпашысы Еуропадағы дебюттік ойынында гол жіберген жоқ

Редактор
06.02.2025, 09:53

Ол «Сабах» клубының сапында өнер көрсетіп жүр

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов жақында Әзербайжан чемпионатына ауысқан болатын. Ол алғашқы ойынын сәтті өткізді.

Отандасымыз «Сабах» сапына ауысқан. Алғашқы матчын Әзербайжан кубогының ширек финалында «Сумгаитпен» өткізді. Бірінші ойын 0:0 есебімен аяқталды. Покатилов қақпасына гол жібермеді. Енді қарымта ойын 27 ақпанға жоспарланған.

Покатилов бұған дейін «Тобыл», «Ақтөбе», «Қайрат», «Шахтер», «Ақжайық» және Ресейдің «Ростов» клубында ойнаған. Ұлттық құраманың қазір бірінші нөмірлі қақпашысы.

Жарнама
Жарнама