Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Футболдағы пенальти тебу ережесі өзгеруі мүмкін

12.02.2025, 22:56

Жаңа ережеде қақпашыға басымдық беріледі

REUTERS/Ivan Alvarado

Аты аңызға айналған италиялық төреші Пьерлуиджи Коллина пенальти тебу ережесін өзгерту мәселесін көтерді.

ФИФА-ның төрешілер комитеті басшысы Пьерлуиджи Коллина  пенальти тебу ережесіне қатысты мәлімдеме жасады. Оның ойынша, қазіргі уақытта 11 метрлік айып добын орындау форматы шабуылдаушы тарапқа көбірек басымдық береді.

Статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта пенальтидің 75 пайызы голмен аяқталады. Коллинаның айтуынша, сейв жасалған кезде футболшының допты тағы да тебу мүмкіндігіне ие болуы қақпашыны қиын жағдайға түсіреді. 

«Менің ойымша, футболшылар бұған шағымдануы керек. Бұл мәселені IFAB-мен де талқылаған болатынмын. Оның шешімі ретінде пенальти орындаушыға тек бір рет қана допты тебуге рұқсат етілуі мүмкін. Ойыннан кейінгі пенальти сериясы секілді. Егер оны қақпашы қайтарып, доп алаңда қалса, голкипер оны ойынға өзі қосуы керек», - деді Коллина.

Жарнама
Жарнама