Орыс футболшысының қолын алудан бас тартқан украиналық қақпашы үздік атанды

Редактор
13.02.2025, 16:06

Матчты украиналықтың командасы жеңді

Факти ICTV

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16 финалында Францияда жергілікті «Монако» мен Португалияның «Бенфика» клубы кездесті. 

Чемпиондар лигасының әнұранынан кейін футболшылар бір-біріне құрмет көрсетіп, қол алысады. Бірақ «Бенфиканың» украиналық қақпашысы Анатолий Трубин «Монаконың» ресейлік ойыншысы Александр Головиннің қолын алмады.

Ол қолын берген ресейлік жартылай қорғаушының жанынан жай ғана өтіп кете салды. 

Еске салайық, бұл екі клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде де жолыққан. Сол кезде де Трубин дәл осындай әрекетімен есте қалған.

Ал, кешегі матч 0:1 есебімен «Бенфиканың» пайдасына шешілді. Грекиялық шабуылшы Вангелис Павлидис жеңіс голын соқты. Қақпасын голдан аман алып қалған Трубин де матчтағы үздіктердің бірі болды.