Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізеді

Редактор
14.02.2025, 14:28

Матч тікелей эфирден көрсетілуі мүмкін

gazeta.uz

Футболдан Қазақстан құрамасы жақын күндері екі бірдей жолдастық матч өткізеді. Оның бірі – Өзбекстанның «Локомотиві» болса, екіншісі – Солтүстік Корея. Бұл туралы ҚФФ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алғашқы ойын 14 ақпанға жоспарланған. Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Әли Әлиев шәкірттері ташкенттік командамен жабық режимде матч өткізеді. Басталуы – 20:00-де (Қазақстан уақытымен).

Ал, Солтүстік Корея футболшыларымен болатын матч 17 ақпанда сағат 19:00-де болады деп күтілуде. Ойын тікелей эфирден көрсетілуі мүмкін.

КХДР құрамасы – 1966 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарының қатысушысы. Сонымен қатар, 2010 және 2012 жылдары АФК Шақыру кубогында жеңіске жеткен.

Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Белек қаласында 18 ақпанға дейін өтеді. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.