Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Месси әлемнің үздік ойыншысы емес – Роналдиньо

Редактор
18.02.2025, 09:27

Ол аргентиналықты өз заманының үздігі деп қана санайды

Getty Images

Футбол әлемінде сиқыршы атанған атақты бразилиялық футболшы Роналдиньо тарихтағы ең үздік ойыншыны атады.

- Әлемнің үздік ойыншысы кім?
- Пеле.
- Пеле немесе Лионель Месси?
- Пеле.
- Пеле немесе Роналдиньо?
- Пеле.

Бұл Роналдиньоның әлемдегі ең үздік ойыншы кім деген пікірталаста Месси мен Роналдуды назарға алмағаны бірінші рет емес. Былтыр ол ол Marca басылымына берген сұхбатында:

«Мессидің «Алтын допты» алғанына қуаныштымын. Екеуіміз  «Барселонадағы» кезеңде дос болдық. Тарихта үздіктерден Марадона, Пеле, Роналдо ойнады. Мессиді футбол тарихындағы ең үздік ойыншы деп айту қиын. Мен оны өз дәуірінің ғана үздігі деп санаймын», - деп еді Роналдиньо.

Роналдиньо мансабында «Гремио», «Пари Сен-Жермен», «Барселона», «Милан», «Фламенго», «Атлетико Минейро», «Керетаро» және «Флуминенсе» клубтарында ойнады. 2005 жылы «Алтын допты» жеңіп алды. Бразилия құрамасы сапында Америка кубогын (1999), әлем чемпионатын (2002) және Конфедерациялар кубогына (2005) қол жеткізген.

Жарнама
Жарнама