Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Самат Смақовтың ұлы Түркия азаматтығын алғаны рас па?

Редактор
19.02.2025, 09:21

Аламгир жыл бойы стамбұлдық клубпен жаттығу жасаған

Қазақстан футбол федерациясы

Атақты қазақстандық футболшы, қазіргі кезде Талдықорғанның «Жетісу» клубын жаттықтыратын Самат Смақовтың 16 жастағы ұлы Аламгир Смақов Түркияның «Бешикташ» клубымен келісімшарт жасасты деген ақпарат тарады. 

Аламгир жыл бойы стамбұлдық клубпен жаттығу жасаған. Бірақ жасөспірімдер лигасындағы ресми ойындарға қатыса алмаған болатын. Енді мүмкіндік алып отыр. Өйткені Еуропа елдері 18 жасқа толмаған шетелдік футболшымен келісімшарт жасаса алмайды. Ресми матчтарға қатысуға болмайды. Дастан Сәтпаевтың жағдайынан көбісі хабардар. Ол да кәмелеттік жасқа толмағандықтан «Челсиге» тек 18 жасқа толған соң баратын болды. 

Түркияның жасөспірімдер лигасында Зекиджан Келешоглу атты түркіменстандық футболшы ойнайды. Бірақ оның Түркия азаматтығын алғаны белгілі болған. 

«Азия-спорт» телеграм-каналы Самат Смақовтың ұлының азаматтығына қатысты да сауал туындайтынын жазып отыр. Егер Аламгир Түркия азаматтығын алмаса, оның «Бешикташпен» келісімшарт жасасуы мүмкін емес делінген телеграм-канал таратқан ақпаратта. Ал, Түркия азаматтығын алу үшін Қазақстанның «көк паспортынан» бас тартуға тура келеді.

Жарнама
Жарнама