Килиан Мбаппе келесі маусымда да «Реалға» ауыспайтын болды

Редактор
29.12.2023, 13:02

Оның нарықтағы құны 180 миллион еуроны құрайды

Getty Images

Франция құрамасы мен ПСЖ клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе алдағы маусымда мадридтік «Реал» сапына ауыспайтын болды.

Спорт журналисті Хосе Вильярройдың айтуынша, Мбаппе әзірге париждік клубтан ешқайда кетпейді.

Соңғы маусымда Килиан Мбаппе ПСЖ сапында 22 матч өткізіп, 21 гол соққан және нәтижелі екі пас берген. Оның «Пари Сен-Жерменмен» келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жасалған және тағы бір жылға ұзартылуы мүмкін.

Transfermarkt порталының мәліметінше, Мбаппенің қазіргі трансфер нарығындағы құны 180 миллион еуроны құрайды.