Абдукодир Хусанов Чемпиондар лигасының тарихында қалды

20.02.2025, 12:54

Дегенмен, өзбек қорғаушысы командасына көмектесе алған жоқ

Getty Images

«Манчестер Ситидің» өзбекстандық қорғаушысы Абдукодир Хусанов Чемпиондар лигасының тарихында қалды. Ол аталған турнирдің плей-офф кезеңінде алаңға негізгі құрамда шыққан 21 жасқа толмаған екінші футболшы атанып отыр.

Еске салайық, 19 ақпанда «Манчестер Сити» 1/8 финалға шығу үшін мадридтік «Реалмен» ойнаған болатын. Аталған матчта Хусанов бірінші минуттан бастап алаңға шығып, 90 минут бойы ойнап шықты. Дегенмен, ол командасының жеңуіне көмектесе алған жоқ, ағылшындар аталған матчта 1:3 есебімен жеңілді.

Хусанов 21 жасқа 10 күннен кейін ғана толады. Бұған дейін аталған жетістікке «Шальке-04» клубының ойыншысы Каан Айхан жеткен. Ол Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде небәрі 19 жасында алаңға шыққан.