Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» ойыншысы Әлібек Қасым барлық жанкүйерден кешірім сұрады

22.02.2025, 19:36

Ақтөбеліктер бір ойыншымен артық ойнаса да гол соға алмады

ФК Ақтөбе

Футболдан Қазақстан Суперкубогінде «Қайраттан» жеңілгеннен кейін «Ақтөбе» ойыншысы Әлібек Қасым өз жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

Айта кетейік, матч «Астана Аренада» өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. Бірінші тайм командалар гол соға алмағанымен, екінші таймда алматылықтар жауапсыз екі доп соғып, Суперкубокті кезекті рет иеленді.

«Бүгін өте тартысты ойын болды. Бірақ өкінішке қарай, жеңіліп қалдық. Ойынды көруге көп жанкүйер келді және «Ақтөбені» қолдаған барлық жанкүйерден кешірім сұраймын», - деді Әлібек Қасым.

Ойындағы есеп 58-минутта ашылды. «Қайраттың» бразилиялық легионері Элдер Сантана командаласының берген пасын ұтымды пайдаланып, «Ақтөбе» қақпашсынан айласын асырды.

Ал, 61-минутта төреші «Қайрат» ойыншысы Еркін Тапаловқа «қызыл қағаз» көрсетіп, алаңнан қуды. Соған қарамастан ақтөбеліктер есепті теңестіре алған жоқ. Теңестіру былай тұрсын, 86-минутта өз қақпасына екінші голды жіберіп алды. Бұл жолы Сантана пас беріп, Громыко гол соқты.

Жарнама
Жарнама