Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Еуропаның тағы бір ТОП-клубы өзбек футболшысын қатарына қоспақшы

02.03.2025, 11:56

Ол бала кезден «Барселона» сапында ойнауды армандағанын жасырмады

gazeta.uz

Мәскеудің ЦСКА-сында ойнайтын өзбекстандық футболшы Аббосбек Файзуллаев мюнхендік «Бавария» сапына ауысуы мүмкін. Бұл ақпаратты Файзуллаевтың өзі «Чемпионат» порталына берген сұхбатында растады.

«Олар менің агенттеріммен байланысқа шығып, қызығушылық танытқаны рас. Нақты бірер мәселені сұраған. Бірақ, мен бұл жайтқа салқынқанды қарап отырмын, өйткені байланысқа шығу деген контрактке қол қою деген емес», - деді Файзуллаев.

Өзбек футболшысы «Бавария» сапында ойнауға қызығатынын жасырмады. Десе де, дәл қазір нақты ұсыныс болмағандықтан, бар күш-жігерін ЦСКА-дағы ойындарға салатынын айтып отыр. Өйткені Ресей Премьер-лигасы енді ғана басталған.

Жалпы, Аббосбек Файзуллаев бала кезінен «Барселонаның» жанкүйері болғанын және сол клубта ойнауды армандайтынын да айтты. Хосеп Гвардиола бапкер ретінде оның кумирі болған.

Айта кетейік, Файзуллаев ЦСКА-ға 2023 жылы ауысып келді. Осы уақыт аралығында мәскеулік клуб сапында ол 55 матч өткізген.

Жарнама
Жарнама