Матч алдында Қызылордада қаоың қар жауып, футболшылардың көсіліп ойнауына мүмкіндік бермеді
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының алғашқы турында Қызылорданың «Қайсар» клубы алаңға 11 қазақ футболшысын шығарды.
Еске салайық, былтыр Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қайсарға» қосымша қаражат берілмейтінін, қолда бар ақшамен амалдауға тура келетінін айтқан болатын. Осыдан кейін клуб басшылары легионерлерді қысқартып, акцентті жергілікті ойыншыларға қоятынын мәлімдеген.
Осылайша, «Қайсар» бүгін өз алаңында Астананың «Жеңіс» клубын қабылдаған. Матчта есеп ашылмады. Оның үстіне Қызылордадағы ойында қар жауып, футболшылардың еркін көсілуіне мүмкіндік бермеді.
Айта кетейік, Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы биыл ҚПЛ-де легионерсіз ойнайтын жалғыз команда болмақ.