Дания – Қазақстан матчына Сергей Малый қатыса алмайды

Редактор
13.10.2023, 16:03

Ол ойын алдында жарақат алып қалды

Фото ашық дереккөзден

Футболдан Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Қазақстан сырт алаңда Дания құрамасымен кездеседі. Аталған матч алдында біздің құраманың жартылай қорғаушысы Сергей Малый жарақат алып, енді ойынға қатыса алмайды деп жазады Kozhakhmet_Inside телеграм-каналы.

«Оның Даниямен және Финляндиямен болатын ойындарда ойнауы екіталай. Жарақатына қарамастан Малый ұлттық құрамамен бірге Еуропаға кетті. Сондықтан, ол аталған матчтарда мүлдем ойнамайды деп кесіп айта алмаймыз. Медициналық штаб оның финдармен болатын кездесуге шығуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр», - деп жазды 

Айта кетейік, Дания – Қазақстан матчы 14 қазанда Копенгагенде өтеді. Турнир кестесінде жерлестеріміз 12 ұпаймен төртінші орында тұр. Көш бастап тұрған екі команда да (Словения мен Дания) 13 ұпайдан бар. Үшінші орындағы Финляндияда 12 ұпай.

Материалда: