Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстаннан кеткен Черчесовке 2,5 млн еуро жалақы ұсынылды

Редактор
05.03.2025, 00:48

Дегенмен, ресейлік маман ешқашан ақшаға қызыққан емеспін дегенді айтып отыр

Спорт Экспресс

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесовке Ираннан ұсыныс түскен.

Аты аталмаған клуб ресейлік маманға жылына 2,5 миллион еуро шамасында жалақы төлейтін келісімшарт ұсынған. Бұл туралы «Футбол России» бағдарламасының жүргізушісі Илья Казаков айтып, сонан соң бұл жайында Черчесовтің өзінен нақтылады.

«Мен үшін ақша ешқашан мотивация болған емес. Рубль де ақша, оны да адал алу керек. Бұл жерде өзіндік мәселелер бар. 

Әзірге Ресейдемін. Өз елімде жұмыс істесем деген ниетім бар. Сондықтан күте тұрамыз», - деді Черчесов «Россия 24» телеарнасының эфирінде.

Естеріңізде болса, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасынан 2025 жылғы қаңтарда кетті. Оның басшылығымен құрама алты ойынның бесеуінде жеңіліс тауып, бірде-бір гол соға алмады.

Жарнама
Жарнама