Еурокубоктегі жеңісті ойындары үшін оған тағы 75 млн теңге бонус төленген
Спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен ҚПЛ-дегі ең жоғары жалақы алатын бапкерді атады. Ол – «Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян.
«Match.kz ақпараты бойынша, Григорий Бабаян айына 12 000 000 теңге табады. Бабаян ҚПЛ-дағы ең көп жалақы алатын бапкер», - деп жазды Е.Мәулен өзінің Telegram-каналында.
Оның айтуынша, «Астана» Конференция лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін бапкерге 75 000 000 теңге бонус берілген.