Келесі әлем чемпионатына алғаш рет 48 мемлекет қатысатын болды
АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы футболдан өтетін әлем чемпионатының дайындығына өзі кіріспек. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.
АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатына дайындықты үйлестіру үшін Ақ үйде президент арнайы жұмыс тобын құру туралы жарлыққа қол қойды. Жұмыс тобын Трамп өзі басқарады. Ал, елдің вице-президенті оның орынбасары қызметін атқармақ. Сондай-ақ, жұмыс тобының құрамына Ақ үй қызметкерлері де кіріп отыр.
Мудиальдың Америкада өткізу үлкен мәртебе деді Трамптың өзі. Өйткені, дәл осы уақытта америкалықтар АҚШ-тың 250 жылдығын атап өтеді.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатына алғаш рет 48 құрама қатысады. Жарыстың ойындары 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.