Ол Қазақстанда Ресейден айырмашылық аз екенін айтып отыр
«Қайрат» клубының ресейлік қорғаушысы Егор Сорокин «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында Алматыда пәтер жалдап тұру және азық-түлік бағасы туралы айтты.
Сорокин «Қайрат» сапына 2024 жылғы 22 шілдеде қосылды. Бұған дейін ресейлік футболшы төрт ай бойы «Елімай» клубында ойнады.
— Қазақстанда Мәскеуден соң барлар, театр, дүкендер жеткілікті көріне ме?
— Иә, әрине. Алматы — жақсы қала, Қазақстандағы ең мықты қалалардың бірі. Ауа райы қолайлы, өмір сүру сапасы жоғары, дүкендерде бәрі бар, қолжетімді.
— Ал пәтер жалдап тұру ақысы қанша?
— Жақсы тұрғын үйден пәтер жалдау шамамен миллион теңге - 200 мың рубльдей. Мәскеудегі бағамен шамалас. Бірақ ол өте жақсы пәтер болады. Мен базаға жақын жерден қарап отырмын, себебі базамыз қаладан сырт жақта, ол жақта кешке кептеліс те Мәскеудегідей.
— Ал кедейлер жоқ па?
— Байлар мен кедейлер арасындағы арақашықтық өте үлкен. Бұл басқа қалаларда қатты сезіледі. Ресейде де сондай ғой.
— Қазақстанда өмір сүру қымбатырақ па?
— Жоқ, шамалас. Бағалар да ұқсайды. Такси де, әдетте мен таксимен жүремін.